• RUB:
    6.06
  • USD:
    515.18
  • EUR:
    570.66
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2022

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

409 рет
көрсетілді

Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі Судья және сот қызметкері күнімен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған 2022 жылғы 31 наурыздағы тиісті қаулы үкімет басшысының сайтында жарияланды.

«Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі: «24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен» толықтырылды. Ол жыл сайын республикада 24 маусымда атап өтіледі», деп жазылған құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар