Өткен жылдың соңғы тоқсанында еліміздегі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы орташа айлық жалақы 246,2 мың теңгені құрады. Бұл – бір жыл бұрынғы жалақыдан 24,7 пайызға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ranking.kz сайтының мәліметінше, өңірлер арасында бәрінен де елордалық мамандардың жалақысы жоғары — 316,9 мың теңге. Өсім 12,5 пайызды құрайды. Жалақы жоғары өңірлердің үштігіне Алматы қаласы мен Атырау облысы кіреді.
Денсаулық сақтау саласындағы орташа жалақы 251,5 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,1 пайызға көп.
Оның ішінде аурухана қызметкерлері орташа 263,1 мың теңге, дәрігерлік және стоматологиялық тәжірибе қызметкерлері 236,4 мың теңге, денсаулық сақтау бойынша өзге де қызметпен айналысқан қызметкерлер 229,3 мың теңге алды.