• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 04 Сәуір, 2022

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады

203 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Сербия Республикасының Президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Акордаға сілтеме жасап.

– Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – отандастарыңыздың Сізге және Сербияның дамуын баянды етуге, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Осы ретте, Сіздің басшылығыңызбен еліңіз одан әрі өркендеп, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген мазмұнды саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстардың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ әлеуеті зор ынтымақтастықты одан әрі өркендету үшін Сербия Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін растады.

Мемлекет басшысы сербиялық әріптесіне сарқылмас күш-қуат, аса жауапты қызметі мен қолға алған тың бастамаларына толағай табыс, ал достас серб халқына мол бақыт, құт-береке тіледі.