• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Сәуір, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі

343 рет
көрсетілді

5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстікте, батыста және елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с құрайды, солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Қостанай облысының шығысында тұман күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 25 м/с жетеді.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады, түнде өңірдің солтүстік-батысында жел 15-20 м/с артады.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болжанады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.