• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2022

«Электронды жеке іс» сервисі жұмысқа орналасуды жеңілдетеді

189 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Электронды жеке іс» жаңа сервисін іске қосты. Бұл жұмысқа орналасу процесін жеделдетуге және қызметкердің жұмыс берушіге деректерді қағаз жеткізгіште беру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Жұмыс берушілердің көбі әлі күнге дейін қызметкерлерден еңбек кітапшасын, жеке парақ пен өмірбаянды жазбаша тапсыруды талап етеді. Азаматтардың бұған наразылық білдіруі орынды. Мұндай ескі тәсілдерден арылу қажет», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында.

Енгізілген сервис арқылы әлеует­ті қызметкердің түйіндемесін қарау және оны одан әрі ресімдеу кезінде жұмыс беруші қызметкердің жеке ісін электрондық форматта алу үшін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) сұрау салуды жүзеге асыра алады. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде сипатталған шарттар шеңберінде мынадай кез келген ақпаратты: жеке куәлік деректерін, фотосурет, білімі және отбасы мүшелері туралы ақпарат, вакциналау, ЕШЕБЖ-дан жұмыс тәжірибесі туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Бұдан басқа, мынадай электронды анықтамаларды алуға болады:

– соттылықтың болмауы/болуы туралы;

– психоневрологиялық, нар­кологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке алу туралы;

– 0/75у анықтама;

– мүгедектік туралы анықтама.

Бұл ретте жұмыскерге смс-ха­барлама арқылы немесе Элек­тронды еңбек биржасы пор­талын­дағы жеке кабинетке әлеуетті жұмыс берушіге өз деректерін ұсы­нуға сұрау келеді. Оң жауап алған­нан кейін, ЕШЕБЖ жеке іске қол жет­кізуге мүмкіндік береді. Оның негізінде жұмыс беруші қыз­меткерді жұмысқа қабылдау және онымен еңбек шартын жасасу туралы шешім қабылдайды. Осы жерде электронды еңбек шартының жобасын жасауға болады.

ЕШЕБЖ қызметкердің са­уалға жауабын күнтізбелік 7 күн ішінде күтетінін атап өткен жөн. Бас тартылған немесе жауап бол­маған жағдайда, жұмыс беру­шіге деректерді ұсынудан бас тарты­лады. Келісім ақпарат сұраған ұйым­д­ағы барлық жұмыс мерзіміне жа­рамды болады. Егер келісім жасалмаса немесе бұзылса, келісім автоматты түрде заңсыз болып саналады.

«Электронды жеке іс» сервисі құжаттарды қолдан жасау тәуекелін болдырмайды және еңбек шарттарын жасасу кезінде қағаз құжат­тарды ұсынудан бас тарту арқылы жұмысқа орналастыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жұмыс бе­ру­шілер сервисті ЭЕБ немесе кә­сіпорындағы кадрлық есептің ақ­параттық жүйелері арқылы пайдалана алады. Бұдан әрі бұл функционал әзірленіп жатқан еңбек ресурстары порталында қолжетімді болады.

Қызметкердің жеке ісін ұсыну сервисі шеңберінде ЕШЕБЖ Ең­бек және халықты әлеуметтік қор­ғау, Әділет, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен біріктірілген.