• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Сәуір, 2022

Бакуден бас жүлдемен оралды

397 рет
көрсетілді

Қазақстандық гимнасшы жігіттер Әзербайжан астанасы – Бакуде өткен Әлем кубогының кезекті кезеңінде де сәтті өнер көрсетіп, бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, бұған дейінгі ірі жарыс­тарда жүлделі орындардан көрініп жүрген Нариман Құрбанов «ат» үстіндегі жаттығу жарысында барлық қарсыласын артқа тас­тап, Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жерлесіміздің финалдық сайыста топ жаруы­на 14,633 ұпай жеткілікті болды. Екінші орынды 14,466 ұпай жинаған албаниялық Матвей Петров иеленсе, қола жүлде француз Томмасон Сирильге (14,333) бұйырды. Н.Құрбанов осыдан бір ай бұрын Дохада (Қатар) өткен Әлем кубогы кезеңінде де үздіктер қатарынан көрініп, алтын медаль жеңіп алған болатын. Сол жолы отандасымыз «ат» жаттығуында 15,200 ұпай жинаған еді.

Сонымен қатар Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің финалында еркін жаттығу бойынша бақ сынаған Милад Карими 14,300 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Израиль спортшысы Артем Долгопят (14,700) жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери

(14,066) қола жүлдені қанағат тұтты. Айта кетейік, М.Карими бір ай бұрынғы Дохадағы турнирде де күміс жүлде иеленген еді.