Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жыл қорытындысы бойынша екі миллион баррельге төмендейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру деңгейі 87,5 миллион баррель болатыны жоспарланған еді.
«2 миллион баррельге аздап төмендейді. Барлығы - 85,7 миллион баррель. Бірақ бізде жоғары баға есебінен өтемақы жүріп жатыр», деп түсіндірді министр Үкімет отырысында.