• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қаржы 05 Сәуір, 2022

Доллар тағы тоғыз теңгеге арзандады

171 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,92 теңгеге төмендеп, 462,91 теңгеге тең болды. Айта кетейік, 5 сәуірдегі доллардың ресми бағамы - 472,76 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 462,35 теңге, ал сатылым - 467,13 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 462,17 теңгеден сатып алады, 467,11 теңгеден сатады.

Айта кетейік, KASE сағат 11.00-де доллар бағамын жариялауды тоқтатты.