• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2022

Министр тұрғын үй бағасына болжам жасады

250 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі тұрғын үй бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен жылы елімізде тұрғын үй бағасына зейнетақы қорындағы жинақты қолдану мүмкіндігі әсер етті. Сәйкесінше, сұраныс бірнеше есеге артты. Биыл да байқағанымыздай тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Біз алдағы уақытта баспана бағасы тұрақталады деп болжам отырмыз. Біздің есепке сәйкес елімізде жыл сайын шашамен 330 мың пәтер пайдалануға беріледі. Сол кезде баға да тұрақталады деген ойдамыз», деді Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, «Нұрлы жер» ұлттық жобасы бойынша салынатын үйлердің бағасы көтеріледі. Негізгі мақсат – құрылыстың сапасын арттыру. Ал коммерциялық нарықта үйдің бағасы төмендеуі мүмкін. Себебі 1 сәуірден кейін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану күрт азайды.