ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әлемде орын алып жатқан геосаяси ахуал Қазақстандағы экспорт пен импортқа қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Елімізге тауар жеткізу немесе тауар жөнелту бойынша ешқандай мәселе туындап отырған жоқ. Ресей Федерациясы тауарларды өткізіп жатыр. Шетелдік порттар да қазақстандық тауарларды проблемасыз қабылдауда. Олардың басты талабы – тауар және оны жеткізуші компания қазақстандық болуы шарт. Айта кетсек, транскаспий халықаралық көлік маршрутының аясын кеңейтуді қарастырып жатырмыз. Каспийдегі біздің Ақтау және Құрық портынан 10 млн АҚШ долларының тауары тасымалданады», деді Қайырбек Өскенбаев.
Ведомство басшысының айтуынша, тауар тасымалдауда ешқандай шектеу, кедергі жоқ.