• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Сәуір, 2022

Қазақстанның 14 өңірінде газ бағасы өсті

301 рет
көрсетілді

Қазақстанда көгілдір отынның бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 5%-ға өсті. Бағаның өсуі әсіресе Шығыс Қазақстан облысында көбірек байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Energyprom сарапшылары айтты.  

Сарапшылар 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 10 млрд текше метр табиғи газ өндірілгенін анықтады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға артық.

 

«Өндірістің басым бөлігі Атырау облысына тиесілі: 4,6 млрд текше метр, жылдық өсім - 18,3%. Көшбасшылардың үштігінде Батыс Қазақстан (3,7 млрд текше метр) және Ақтөбе (1 млрд текше метр) облыстары да бар», делінген зерттеуде.

 

Ал ішкі нарықта сату 38,3%-ға, 2022 жылғы қаңтарда 1,1 млрд текше метрге дейін қысқарыпты.

«ҚР ішкі нарығында осы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша газдың тұтыну бағасы бір жылда 5,4%-ға өсті», дейді сарапшылар.

Елдің 17 өңірінің 14-інде бағаның өскені байқалады. Ең жоғары баға ШҚО-да тіркелген. Анти-лидерлердің үштігінде Маңғыстау (плюс 12%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 11,7%) облыстары да бар. Ең төменгі жылдық өсім елордада -  0,7%. 

Ал Шымкент қаласы, Қызылорда (әр өңірде 2% - дан) және Түркістан (4,4% - ға) облыстарында газ бағасы төмендеген.