• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2022

FlyArystan әуе компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізілді

195 рет
көрсетілді

Қазақстанның авиация әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, тексеру жүргізуге 2022 жылғы 19 наурыздағы Нұр-Сұлтан - Қостанай бағыты бойынша КС 7341 рейсімен жолаушыларды тасымалдаудан бас тарту фактісіне қатысты жолаушылардың өтініші негіз болған.

Тексеру нәтижелері бойынша жолаушыларды тасымалдаудан бас тартудың себебі эвакуациялық траптан ақау табылып, әуе кемесінің бортындағы жолаушыларға арналған орындар саны жүзге дейін қысқартылған.

Орындар санын қысқарту ұшу қауіпсіздігі талаптары негізінде жүзеге асырылған. Авариялық трап дұрыс жұмыс істемесе, жолаушыларды апатты жағдайда түсіру мүмкін емес. Осы себепті әуе компания 180 орынның 70-ін жабуға мәжбүр болған.