• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Сәуір, 2022

Intel компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтатты

428 рет
көрсетілді

Америкалық ірі процессор өндіруші «Intel» Ресейдегі қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның сайтына сілтеме жасап.

Қазір Ресейде Intel компаниясының барлық бизнес қызметі тоқтатылды. Компания наурыздың басында Ресей мен Беларуське өнімдерін жеткізуді тоқтатқанын хабарлады.

«Біз Ресейдегі барлық бизнес операцияны дереу тоқтаттық. Бұл Ресей мен Беларусьтегі тұтынушыларға барлық жеткізілімдерді тоқтату туралы шешімімізден кейінгісі», делінген компанияның сайтында.

Intel - 1968 жылы құрылған америкалық компания. Бұл - электрон құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлеуші ​​және өндіруші ірі компаниялардың бірі.