• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2022

Қызылордада өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқтар тұтқындалды

167 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында жыл басынан бері өзге адамның телефонындағы банк қосымшасынан онлайн несие рәсімдеген 64 алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алаяқтар смартфон арқылы өзге біреудің банк қосымшасына кіреді. Олардың арасында тіпті электронды цифрлы қолтаңбаны бұза алатындары да кездеседі. Биылғы жылдың 3 айында облыс бойынша 64 азамат осындай алаяққа алданған», деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Ведомство мәліметіне қарағанда, осындай оқиғаның бірі Жалағаш ауданында тіркелген. Онда жергілікті тұрғын танысының ұялы телефонын сұрап алып, 495 мың теңге онлайн несие рәсімдеген. Бұл әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

Еске салсақ, Қызылорда облысында алаяқтық қылмысы 54,4 пайызға азайған.