Қызылордада жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында бокстан облыстық ашық біріншілік аяқталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырған шараға облыстық білім, денешынықтыру және спорт басқармалары, қалалық мәслихат қолдау танытты.
Төрт күнге созылған біріншілік жеңімпаздарын марапаттау салтанатында университеттің басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова 2005 жылы ашылған бокс үйірмесі талантты жастардың топ жаруына мүмкіндік бергенін атап өтті.
– Бокстан Токио олимпиадасының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері, кәсіпқойлар арасында бірінші орта салмақта WBC International тұжырымдамасының чемпионы Тұрсынбай Құлахмет, Азия чемпионы Нұрлан Мәсенов университет мақтанышы, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Облыстағы білім беру ұйымдарынан 16 салмақ дәрежесінде 16 команда қатысқан біріншілікте жалпыкомандалық есеп бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті спортшылары 29 медаль еншілеп, бірінші орын тұғырынан көрінді. Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі коман-
дасы ІІ орын, Болашақ университетінің командасы ІІІ орын иеленді.
Спорттық шарада әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет университеттің «Үздік түлек» медалімен марапатталды.
ҚЫЗЫЛОРДА