• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2022

Бидай бағасы наурыз айында 1,5% - ға өсті

1090 рет
көрсетілді

Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бидай бағасы 1,5%-ға өсті. Бір жыл ішінде өсім 20,1%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energyprom.kz сайтының мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі бидайдың егіс алаңы 12,9 млн гектарды құрады. 2020 жылмен салыстырғанда 6,2% - ға артық. Егіс алқабының ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалып отыр. Сонымен қатар, алқаптардың өсуіне қарамастан,

Жалпы түсімнің төмендеу себебі ҚР-дағы бидай мен меслиннің импорты көлемінің күрт артуына байланысты. 2021 жылы елімізге 182,9 млн АҚШ долларына 1,2 млн тонна өнім әкелінді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР 39,2 млн АҚШ долларына 175,4 мың тонна бидай мен меслин әкелінді.

Экспортқа келетін болсақ, ол жалпы алымның қысқаруына қарамастан 2021 жылы 10,3% - ға, 5,8 млн тоннаға дейін өсті. Бидайдың жалпы түсімі 2021 жылы бірден 17,1% - ға, 11,8 млн тоннаға дейін қысқарды.