Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызметтік тергеу жүргізу кезеңінде Барлық Төреханов қызметінен уақытша шеттетілді. Бұл ақпаратты Талғар ауданы әкімдігінің Кадрлармен жұмыс бөлімшесінің жетекшісі Дархан Тұрғанбаев растады.
Хабарланғандай, ол қаңтар айындағы оқиғалар кезінде аудан бойынша жауапты кезекші қызметінен жалтарғаны анықталды.
Төрехановтың жетекшілігінде Алматы маңында орналасқан Тұздыбастау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтері болған.