• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2022

Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы Женевада талқыланды

238 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар еліміздің БҰҰ-мен өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында баяндалған саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру бойынша пікір алмасты.

Өз кезегінде, М. Фриберг-Стори реформаларды оң бағалап, оларды жүзеге асыруда ҚР Үкіметіне жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар ынтымақтастықтың басымдықтары ретінде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, оның ішінде адам құқықтарын қорғау, орнықты экономикалық өсу және азық-түлік қауіпсіздігі атап өтілді.

Кездесу соңында М.Фриберг-Стори Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін өз алғысын айтып, еліміз бен БҰҰ арасындағы берік қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.