• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2022

Алматыда өнеркәсіптік альпинист жоғары қабаттан құлап қаза тапты

173 рет
көрсетілді

Алматыда терезе тазалап жүрген өнеркәсіптік альпинист құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 7 сәуір күні түс ауа Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында орналасқан "Атамекен" тұрғын үй кешенінде болған. Оқиға туралы осы үй тұрғындары айтты.

Полицейлер мәліметінше, қайтыс болған 27 жастағы ер адам.

«Биіктіктен құлау салдарынан 1995 жылы туған азамат қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр. Бұл факт Бостандық аудандық полиция бөлімінде тіркелді», деді Полиция департаменті.