• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 07 Сәуір, 2022

8-ші шағын аудан

743 рет
көрсетілді

Сіз ойлағаннан бөлек, біз ойлағаннан биік ойдың желісімен өмірге келген туындыны жас талант қабілетінің шыңы десек болатындай. Адам қоғамның илеуінде өсетінін ескерсек, қылқалам иесінің әдеткі түсініктен өзгеше қадамға баруы қайран қалдырады. Тіпті өнертанушылардың өзі оң бағасын беріп, суреткерлік қырына сенім білдіріпті. Бұл ыстық пікірлер суретшінің шығармасына үңілуімізге сеп болды.

Картина тақырыбынан-ақ шығар­маның ішкі композициясының бе­дер-биігіне әрі мән-мазмұнына қа­нығуға болады. Жас суретші Дулат Үсенбаевтың «8-ші шағын аудан» туын­дысы бұ­лыңғыр түстей ойдың шар­пысуынан жазылғандай. Оны өзі де жа­сырмайды.

Жалпы, оның кескіндемесіндегі бас­ты екі жанр – пейзаж және натюрморт. Себебі мастихинмен жұмыс істейтін, өзіндік мәнері қалыптасқан суретші жалпақ жағынды кескіндемеде түс пен форманы қарастырады. Яғни түс арқылы форма құрайды. Автордың жұмыстары ойланып-толғануға ш­а­қырады.

Мәселен, Алматы қаласына ар­нал­ған пейзаж топтамаларында экс­прессияға толы бояу жағыстары адам­ның жүрек қағысын жылдамдата түсіп, ерекше көңіл күйге жетелейді. Бұл қалалық пейзаждардың басым бөлігі қараңғы да күңгірт түстермен жазылған тас қабырғалы суық ғимараттар, бос көшелер, шағын үйлер барлығы адам баласына еш жылулық, жайлылық сыйламайтын кеңістік ретінде айқындалған. Міне, бұдан біз үлкен қалада адасқан адамның көзқарасын танимыз.  Суретші мұны тікелей ашып көрсетпесе де, ішкі түйсігінің нәтижесінде көрініс тауып тұр.

Автор туындыларының сырт­қы кө­­ріністерінің түрлілігіне қара­мас­тан, эмоционалдық күйімен ерекшелене түседі. Жас суретшінің шығармашылығы тек өнеріміздің одан әрі дамуындағы бастау емес, сонымен қатар бүгінгі күнгі халқымыздың рухани құндылықтарын қалыптастырудағы идеялық-эстетикалық белсенді күш болып табылатынын ескергеніміз жөн.