• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Сәуір, 2022

Жарты миллионнан астам елордалық вакцина салдырды

237 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 514 мыңнан астам қала тұрғыны алды, 494 мыңнан астам адам толық иммундалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, елордада аурудың өсуін тоқтатқан белгілі бір иммундық қабат қалыптасқан.

Бүгінгі таңда қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – коронавиурсты індетпен инфекциялық стационарларда 26 науқас.

Сондай-ақ, басқармада соңғы апталарда ковидке қарсы екпе алғысы келетіндердің саны ДДҰ мақұлдаған вакцинаны қабылдай алатындардың тізімін кеңейту арқасында өскенін атап өтті.

Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге болатынын ескертті мамандар.

Бұл ретте, вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі. КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады.

Pfizer-мен ревакциналау бүгін 12 жастан асқан барлық азаматтарға вакцинация аралығын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Бүгінде қала бойынша 109 мыңнан астам қала тұрғыны ревакцинациядан өтті. Бүгінгі күні егу пункттері алғашқы буын ұйымдарында (емханада), сондай-ақ «Абу Даби Плаза» СОО және «Нұрлы жол» ТЖ вокзалындағы (жаңа) егу пунктілерінде орналасқан.