Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы бойынша облыстық полиция Департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады», делінген хабарламада.
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.