• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2022

Алматыда экономикалық контарабанда әшкереленді

270 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің жергілікті департаменті қалалық прокуратурамен бірлесе жүргізген тексеруі нәтижесінде халық тұтынатын ірі көлемдегі өнім түрлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар» 24-ке сілтеме жасап.

Қытайдан заңсыз жеткізілген тауардың жалпы құны – 585 млн теңге. Төленуі керек кедендік баж салығының құны 125 млн теңгеден асады.

«Экономикадық контрабанда фактісі бойынша «Group of the Companies TDA» ЖШС басшылығы күдікке алынды. Фирманың барлық операциялық жұмысын жоғарыда аталған серіктестіктің директоры атқарған. 31 наурызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіні күзет қарауында ұстау туралы шешім шығарды. Тергеу жұмыстарына кедергі болмау үшін қосымша ақпарат әзірге жарияланбайды», деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов,