• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Сәуір, 2022

Краматорск вокзалына әуе шабуылы жасалды

220 рет
көрсетілді

Украинаның шығысындағы Краматорск қаласының теміржол вокзалына жасалған зымыран шабуылынан зардап шеккендердің саны 39 адамға жетті, деп хабарлады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандар арасында төрт бала бар. Бұл туралы Facebook-те Украина қауіпсіздік қызметінің өкілі Артем Дехтяренко хабарлады.

«Ресей әскерилерінің әрекеті Украина Қылмыстық кодексінің 438-бабы «Соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу» бойынша сараланады. Кінәлілерді анықтап, жазалаймыз», деді ол. 

Еске салсақ, 24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбассында арнайы әскери операция басталғанын хабарлады. Осыдан кейін Ресей әскері Украинаға кіре бастады. Украина қалалары, соның ішінде Киевке әуе шабуылдары жиі жасалып жатыр.