Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Ғалым Тұрсынбаев агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ Химия-технология институтын «инженер-құрылысшы - технолог» мамандығы бойынша, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқарудың ұлттық жоғарғы мектебiн «мемлекеттiк басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн «заңгер» мамандығы бойынша бiтiрген.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 26 жыл. Оның ішінде мемлекеттік қызмет істері агенттігі саласында - 18 жылға жуық қызмет етіп келеді.
Ғалым Тұрсынбаев осы кезге дейін агенттіктің Батыс Қазақстан облысындағы департамент басшысы қызметін атқарды.
«Құрмет» орденінің иегері, бірқатар мерекелік медальдармен және төсбелгілерімен марапатталған.