• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Сәуір, 2022

Омикронның ХЕ штамымен қай вакцина жақсы күресетіні белгілі болды

268 рет
көрсетілді

«Спутник V» — омикронның ХЕ штамына қарсы тиімді вакцина. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Спутник V», «Спутник Light» және мұрынға арналған вакциналар омикронның ХЕ штамына қарсы тиімді болады. Бұл туралы Гамалея атындағы ғылыми орталық директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

Ол омикронның ХЕ штамы BA.1 мен ВА.2-ның біріктірілген нұсқасы екендігін, ал «Спутник» екеуімен де күресуге қауқарлы екендігін түсіндірді. Сол себепті вакцинаның мұрынға арналған нұсқасы да тиімді болады» делінген хабарламада.

Еске салайық, ақпан айында «Спутник V» вакцинасының омикронның ауыр жағдайларына қарсы тиімділігі шамамен 89% құрады. Британдық ғалымдар ХЕ мутациясы бастапқы BA.2 нұсқасымен салыстырғанда шамамен 10% жұқпалы болуы мүмкін деген қорытындыға келді.