• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2010

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МӘШИНЕ ЖАСАУ САЛАСЫН ҚОЛДАУДЫҢ ШАРАЛАРЫН ҚАРАСТЫРУЫ ТИІС

613 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстан­ның жаңа мүмкіндіктері” атты Қа­зақстан халқына Жолдауын түсін­діру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде біздер “Қазақстан инжиниринг” ҰК құрамына кіретін “Петропавл ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ еңбек ұжымымен кездескен едік. Нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде “ПАМЗ” АҚ өзінің өндірістік әрі кадрлық әлеуетін сақтап қана қоймай, өндірісті әртараптандырып, шетелдің алдың­ғы қатарлы компанияларымен байланыстар орната алды. Кәсіп­орынның 1998 жылы қайта құрыл­ғаннан кейінгі таңдап алған ма­мандануы сол уақыттан бері өндіріс көлемін 12 есе арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда өндіріс орны бәсекеге қабілетті әрі экспорттық әлеуеті жоғары өнім шығарып отыр. 2009 жылы жалпы көлемі 2,9 млрд. теңгенің өнімін шығарды. 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім көлемі 176,0 %-ды құрады. Өндірілген өнімнің ішінде үлес салмағы бойынша алдыңғы орынды мұнай-газ кешеніне қажетті жабдықтар алады, 2009 жылы мұндай жабдықтар 2,1 млрд. теңгеге шығарылған. 2009 жылы темір жол кешеніне арналып шығарылған жабдықтар көлемі 2008 жылмен салыстыр­ғанда, 10,4 есеге өскен, қазіргі кезде жалпы сомасы 663,4 млрд. теңгені құрайды. Сөйтіп, бүгінгі таңда кәсіп­орында көпсалалы мәшине жасау өндірісін еркін нарық жағдайында тиімді дамытудың барлық алғы­шарт­тары жасалып отыр. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгеніндей, өндірістің бүгінгі қуаты, жоғары білікті мамандардың болуы, техни­калық қайта жарақтаудың бірінші кезеңін сәтті аяқтау – осының барлығы “ПАМЗ” АҚ нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті екендігінің нақты кепілі. Дегенмен, өндіріс орнының алдағы уақытта да белсенді да­муына тосқауыл болатын фактор­лардың бар екендігін айта кету керек, бұл мәселелерді мемлекеттің қолдауынсыз шешу мүмкін емес. Қазақстандық қамтудың үлесін арттыру, бірінші кезекте, техни­каның жаңа түрлерін жасау мен игеруге тікелей байланысты, ал бұл үшін технологиялар трансферті керек немесе ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізу қажет. Екі процедура да қомақты қаржы бөлуді қажет етеді, ал тәжірибелік үлгіні өндірістік талаптарға сәйкестендіру үшін бірнеше жыл уақыт керек. Осы мақсатта, өндіріс орнында 2010-2014 жылдарға арналған келешек дамудың “Бизнес-жобасы” жасалған. Ол мына мақсаттарды көздейді: “Экономиканың түрлі салаларына қажетті, әлемдік ры­нокта бәсекеге қабілетті болатын құрал-жабдықтарды шығарумен айналы­сатын осы заманғы мәшине жасау өндірісін дамыту. Кәсіп­ор­ынның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамта­масыз ету”. Ал жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржының көлемі 4 035,0 млн. теңгені құрайды. Екіншіден, Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын дамытудың негізгі жолдары ретінде келесідей басым бағыттар айқындалған: – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеделдету мен конструкторлық қызметті дамыту; – отандық және шетелдік ғылыми әзірлемелерді жасау және өндіріске енгізу жөніндегі жобалау ұйымдары мен конструкторлық бюролардың жүйесін құру. Бүгінгі таңда аздаған қазақ­стандық кәсіпорындар ғана өз конструкторлық құрылымдарын сақ­тап қала алды. Мұндай құры­лымдар аз әрі оларда осы заманғы бәсекеге қабілетті бұйымдар шығарумен айналысатын жоғары білікті мамандар жоқтың қасы. Ал қазіргі рынок шығарылатын өнім түрлерін үнемі жетілдіріп отыруды және жаңа технологияларды құрастыруды талап етеді. Осы орайда жоғары білікті мамандары бар толыққанды конструкторлық бюроларды тек мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана құруға болатынын атап айтқан абзал. Соның өзінде конструкторлық бюролар жаңа техника әзірлеуде тәжірибесі бар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен аймақтық ғылыми орталықтардың жанынан ашылуы керек. Мұндай талап­тарға “Петропавл ауыр мәшине жасау зауыты” АҚ толық жауап береді. Соңғы екі жыл ішінде кәсіп­орын өз қаржысы есебінен және банктерден алынған заемдық қаржылар есебінен сапалық түрде мүлде жаңаша әлеуетке ие болды, оның ішінде өндірісті техникалық қайта жарақтаудың 1 кезеңі жүзеге асырылды. Кәсіпорынның кейінгі дамуын ғылымды қажет ететін күрделі техника жасауды қаржыландыруға мүмкіндік бермейтін осы күнгі қаржылық-несиелік жүйе (банк­тердің жоғарғы сыйақы мөлшер­лемелері, қажетті кепілдемелердің жоқтығы) мен өзінің айналымдағы қаражатының болмауы тежеп отыр. Осы айтылған жәйттерге орай, бәсекеге қабілетті өндіріс орын­дарын ашу мақсатында, заманауи мұнай-газ саласының құрал-жабдықтарын өндіру мен сатудың көлемін арттыру үшін, оның ішінде экспортқа шығару мүмкіндіктерін ұлғайту мақсатында “ПАМЗ” АҚ жобаларын жүзеге асыруға Үкімет қолдау көрсетсе ұтымды болар еді дегенді баса айтқымыз келеді. Ерболат ӘБСӘЛЯМОВ, Мәжіліс депутаты.