• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Сәуір, 2022

Жоғары лауазымды қонақтарды қабылдады

186 рет
көрсетілді

Өткен аптаның соңында Украинаға екі бірдей еуропалық көшбасшы іссапармен барды.

Бірінші болып Украина аста­насы Киевке Еуропалық комис­сия­ның президенті Урсула фон дер Ляйен келді. Ол бірнеше күн бұрын бүкіл әлемді дүр сілкін­дірген қаза болған бейбіт тұр­ғын­дардың жантүршігерлік көрі­нісі тараған Буча қаласында болып, жағдайды өз көзімен көріп қайт­ты. Еурокомиссияның басшы­сы Ресей әскерінің соғыс қылмы­сына барғанын айтып, жауапты­лар жазаға тартылуға тиіс деген пікірін айтты. Алайда Ресей Буча­дағы қырғынды мойындаған жоқ.

ЕО шенеуніктері келер күні Украинаның шығысында Ресей шабуылынан қашпақ болған бей­біт тұрғындарға толы темір жол станциясына түскен зымы­ран соққысынан кем дегенде 50 адам қаза тауып, жүзге жуық ж­о­лау­­шының жарақат алғанын ха­бар­лады. Донецк облысының Кра­маторск вокзалында қаладан кету­ге жиналған мыңдаған тұрғын бол­ған. Луганск және Донецк об­лы­старының тұрғындарына тезі­рек эвакуация жасау керек деген ке­ңес­тен кейін вокзалға халық көп жи­налған. Ақпараттарда ны­сан­ға «Точка-У» зымыранының құ­­лағаны туралы айтылды. Бейбіт тұр­­ғындарды аяусыз қырғаны ту­ра­лы Украина басшылығы тақ­қан айып­ты Ресей тағы да жоқ­қа шы­ғарып отыр. Ресей през­и­денті­нің баспа­сөз хатшысы Дми­трий Пес­ков Ресей Қорғаныс ми­нистр­лі­гі­нің мәлімдемесіне сүйену­ді ұсын­ды. Бұл мәліметтер бо­йынша Ре­сей­­д­ің қарулы күш­тері мұндай зы­мы­ран түрін қол­дан­­байты­ны, со­ны­мен қатар Кра­маторск­іде ол күн­ге ешқандай әске­ри іс-қи­мыл жоспарланбағаны айт­ыл­ған. Алайда Ресейдің бұл мә­лім­де­ме­сіне халықаралық қауым­дастық­тың көпшілігі күмәнмен қарайды.

Еуроодақ ешқашан Украина құрбандарының орнын толтыра алмайтынын айтқан Урсула фон дер Ляйен елдің ұйымға мүше­лікке кіру туралы өтінішін тездетуді ұсынды.

Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен президент Володимир Зеленский­ге Еуроодаққа мүшелікке өту­дің бастапқы нүктесі болатын құжатты тапсыра отырып, бұл шешімді қабылдау әдеттегідей жылдарға емес, бірнеше аптаға созылуы мүмкін екенін атап өтті.

Еуроодақтың жоғары лауа­зым­ды тұлғаларының бірі Урсула фон дер Ляйеннің бұл сапары В.Зеленскийге моральдық тұрғы­дан қолдау ғана емес, қаржы­лай көмек те көрсетуге бағытталған еді.

Еуропалық комиссия Ук­раи­наны және соғыстан қашқан бос­қындарды қабылдайтын ел­дер­ді қолдауға 1 млрд еуро бөлу­ге уәде берді. Атап айтқанда, 600 млн еуро Украинаға, ел би­лігі­не және ішінара Біріккен Ұлт­­тар Ұйымына бөлінеді. Ал 400 мл­н еуро қиын кезеңде аса үлкен жауап­кершілікпен бос­қындарды қа­былдап, көмек қолын созған мемлекеттерге беріледі.

БҰҰ босқындар жөніндегі агенттігі жариялаған мәліметке сәйкес Ресейдің Украинаға шабуылынан бері 4 441 663 босқын елден кеткен. Олардың 90 пайызы әйелдер мен балалар екені белгілі. Халықаралық көші-қон ұйымы Украина ішінде шамамен 7,1 миллион адам көшірілгенін хабарлады. Бұл көрсеткіштер әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

ЕО өкілдерінен бөлек Киевке Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да барды. Ол Воло­димир Зеленскиймен кезде­сіп, Украина халқы үшін қиын кезеңде қолдау білдіретінін атап өтті. Ұлыбритания Украина­ға әскери көмек ретінде 120 бронетранспортер мен кемеге қарсы кешендерді жібереді. Бұл қару-жарақ жұма күні жария­ланған Starstreak зениттік зымы­ран­дары­на, 800 танкке қарсы бас­қа­­ры­латын зымырандарға және жо­ғары дәлдіктегі баррель снарядтарына қосымша жіберіледі. Сонымен қатар Джонсон Ук­раи­на­ға Дүниежүзілік банк же­лісі бо­йынша 500 млн доллар көле­мін­де қосымша несиелік кепілдік берілгенін хабарлады.

Одан бөлек, Лондон «украиндар үшін өмірлік маңызды гу­манитарлық қызметтерді үздік­сіз көрсетуді қамтамасыз ету» мақсатында Украина үкі­ме­тіне өтеу­сіз көмек ретінде 400 млн фунт бөлді. Ұлыбритания со­ны­мен қатар Украинадан им­портта­латын өнімдердің көп бөлі­гіне тарифтерді төмендетіп, украин тауарларына қатысты кедендік жеңілдіктер енгізді.

Ресей әскері Украина­ның солтүстігі, Киев маңын босат­қалы ел астанасында кейбір ЕО елдерінің елшіліктері қызметін қайта жалғастыра бастағанын айта кету керек.