• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2022

Павлодарда 11 тонна есірткі жойылды

193 рет
көрсетілді

Павлодарлық полицейлер 11 тоннадан астам есірткіні жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Павлодар облысының аумағында 11 тонна 260 келіден астам есірткі жойылған.

Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаевтың айтуынша, комиссия бірқатар қылмыстық істер бойынша қаралып жатқан есірткілерді өртеп жіберген.

Биыл ауырлығы әртүрлі дәрежедегі есірткіге байланысты 22 қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданды, заңсыз айналымнан 24 келіден астам есірткі мен психотроптық заттар алынды. Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.