• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 11 Сәуір, 2022

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

1373 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметіне Құрманғазы Есқазиев  тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

2006 жылы Томск политехникалық университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілік дәрежесін иеленді.

2021 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесін алды. Ол сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу-барлау» кафедрасының профессоры атанды.

Өзінің еңбек жолын 1985 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде оператор-коллектор болып бастаған. Онда операторлықтан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорына дейінгі өндірістік қызметтің барлық сатысынан өтті.

2006 - 2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, директоры болды.

2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жөніндегі басқарушы директор, геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2015-2018 жылдар аралығында – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры болған.

2018-2020 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, ал 2022 жылдың ақпанынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары болды.

Айта кетсек, Алик Айдарбаевтың басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.