• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Сәуір, 2022

Ericsson Ресейдегі қызметін уақытша тоқтатады

174 рет
көрсетілді

Шведтік телекоммуникациялық жабдық өндіруші Ericsson компаниясы Ресейдегі қызметін белгісіз мерзімге тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы швед компаниясының сайтында жарияланған баспасөз хатының хабарламасында айтылған. Мұндай шешімге себеп болған Еуроодақ жариялаған Санкциялар болды.

«Соңғы оқиғалар мен Еуропалық Одақтың санкцияларына байланысты компания Ресейдегі клиенттермен қызметін белгісіз мерзімге тоқтатады. Ресейдегі қызметкерлер ақылы демалысқа жіберіледі», делінген компания сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Аяна Тоғанбек