• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2022

Петропавл әкімі қала атын өзгерту туралы петицияға пікір білдірді

424 рет
көрсетілді

Петропавл әкімі Болат Жұмабеков Солтүстік Қазақстан облысының орталығын Қызылжар деп атау ұсынылған петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петиция egov.press сайтында жарияланды.

Қазірге дейін оны 25 мыңнан астам адам қолдаған, 14 мың адам қарсы болған. Соған байланысты қала әкімі Болат Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияны жақтаушылар мен қарсы адамдар арасында пікірталас жүріп жатқанын жазды.

«Бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын атап өткім келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға ешқандай қатысы жоқ. Қала әкімдігінің күн тәртібінде қаланы қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдеймін. Бұл мәселе туындаған жағдайда да, ол біздің қаламызда тұратын халықтың пікірін ескеріп, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі», деді қала әкімі.

Сол себепті ол азаматтарды өзара құрмет көрсетуге және әлеуметтік желіде пікір жазу барысында жауапкершілікті ұмытпауға шақырды.

«Ел президенті Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа Қазақстанда біз әрдайым «әр түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын ұстануымыз қажет» деп айтқан болатын. Біздің қаламыздың тұрғындары Президентпен бірдей пікірді ұстанып және біз бір-біріне жоғары мәдениет танытатынына сенімдімін», деп түйіндеді ол.