• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Сәуір, 2022

Кәрім көш бастап тұр

439 рет
көрсетілді

УЕФА Чемпиондар лигасында Лон­донның «Челсиіне» қарсы бәсекеде хет-трик жасаған Мадридтің «Реал» клубының ойыншысы Кәрім Бензема биыл «Алтын допты» иеленуі мүмкін.

Қазіргі кезде 34 жастағы француз шабуылшысы үміткерлер көшін бастап тұр. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Өйткені Кәрім бұған дейін де Чемпиондар лигасында ПСЖ-ның қақпасына үш гол соғып, сан миллион көрерменнің қошеметіне бөленді. Аталған жарыста Бензема барлығы 82 рет нысананы дәл көздеген екен. Бұған дейін бұл белес португалиялық Криштиану Роналду, аргентиналық Лионель Месси және польшалық Роберт Левандовскиге ғана бағынды. Дәл сол Мюнхеннің «Бавариясының» сұрмергені Левандовски екінші орынды иеленуде. Үздік үштікті «Ливерпульдің» намысын қорғап жүрген Мысыр елінің мақтанышы Мұхамед Салах түйіндеуде.

Сонымен қатар үміткерлер қатарында Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция), Лука Модрич («Реал», Испания), Садио Мане («Ливерпуль», Англия), Кевин Де Брейне («Ман­честер Сити», Англия), Винисиус («Реал», Испания), Фил Фоден («Манчестер Сити», Англия) және Трент Александер-Арнольд («Ливерпуль», Англия) сынды саңлақтар бар.