• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2022

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты

282 рет
көрсетілді

Әлемде коронавирустық инфекцияның 500 миллионнан астам жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Университет сайтында хабарланғандай, сағат 09:41-дегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша әлемде 500 363 741 КВИ оқиғасы анықталды, 6 183 944 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір апта ішінде әлемде коронавирустық инфекциялар санының төмендегенін хабарлады.

Ұйымның мәліметі бойынша, КВИ-дің жаңа жағдайларының саны 24% - ға, өлім-жітім 18% - ға төмендеді.

Аяна Тоғанбек