Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есеп комитетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында бірқатар бұзушылық анықталды.
Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 млн теңге мөлшерінде анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, делінген хабарламада.
Ведомство қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618, 5 млн теңге қалпына келтіріліп, 7,1 млн теңге өтелгенін атап өтті.