• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2022

Ақмола облысындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр

406 рет
көрсетілді

Ақмола облысында Жабай және Қалқұтан өзендерінің су деңгейі көтеріліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz  облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Құзырлы орган басшылығының айтуынша, бұл даладағы қардың жаппай еруінің себебінен болып отыр. Осылайша Жабай өзеніндегі су деңгейі қазір 5 метрден, ал Қалқұтанда 4 метрден асқан. Бірақ мамандардың айтуынша ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Себебі шектік өлшемге дейін әлі 1,5 метрдей бар. Оның үстіне біраз аумақтың қары еріп кеткен. Сондықтан олар қатерлі деңгейге дейін жете қоймас деп болжап отыр.

Айта кетейік, қазіргі сәтте Атбасар және Астрахан аудандарындағы өзендер өз арнасынан асып, қауіп төндіруде. Ал өзге өлкелерде тасқын қаупі сейілген. Облыс бойынша су апатынан толық құтылу үшін шамамен әлі 2 аптадан астам уақыт керек дейді құзырлы орган өкілдері.

Аяна Тоғанбек