Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермеді. Нәтижесінде жол апаты орын алып, медбике зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полицияның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол берген жоқ. Соқтығыс салдарынан жедел жәрдем көлігі бүйіріне төңкеріліп қалған.
«Жол-көлік оқиғасынан медбике дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді», делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.