• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Сәуір, 2022

Ақмола облысында лауазымды полицейлер ұсталды

212 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облыстық ПД-ның басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«10 сәуірде Көкшетау қаласында ҰҚК полицияның жеке қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы мен аға жедел уәкілін ұстады. Ұсталғандар лауазымдық өкілетін теріс және асыра пайдаланды деп күдікке  ілінген. Процессуалдық іс-шаралар барысында тергеліп жатқан іске қатысы бар ақшалай қаражат алынды», делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған. ҚР ҚК-ның 361-бабы 2-1-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.