Жапон боксшысы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (42-1-1, 37 КО) жеңіліс тапқаннан кейін өз мансабын аяқтау жайлы ойлана бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
- Менің байсалды шешім қабылдауым керек. Менің ойымша, қазір бокстан кетуге қолайлы уақыт, бірақ әзірге нақты жауап бере алмаймын, – деді Мурата журналистерге берген сұхбатында.