• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2022

Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды

397 рет
көрсетілді

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҰҚК-нің Sputnik Қазақстан ресми сауалына берген жауабында айтылған.

К. Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары үшін де қамау мерзімі ұзартылған.

«Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін, Ерғожинді – 2022 жылдың 8 мамырына дейін ұзартылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ прокуратураға ҰҚК бұрынғы төрағасының орынбасары Марат Осиповты қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы материалдар жіберілді.

«Күдіктілер тергеу изоляторында», деп атап өтті ҰҚК-де.

Аяна Тоғанбек