• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 15 Сәуір, 2022

Қаржы пирамидасын құрған елордалық 2 мың адамды сан соқтырған

225 рет
көрсетілді

Елорда тұрғыны 2 мың азаматты алдап соғып, қаржы пирамидасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz  Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша Р.Ж.Ахымбекова және К.Ж.Елеукеноваға қатысты қылмыстық іс тергеліп, аяқталғанын мәлімдеді.

Қаржы пирамидасын құрушы «WhatsApp» пен «Telegram» мессенджерлерінен «Астана Раушан касса айналымы» атты чат ашып, ақшалай қаражат алу үшін 2 мың салымшыны тартқан.