• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 15 Сәуір, 2022

Адам құқықтары туралы Жарлық толықтырылды

1657 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлыққа толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қ. Тоқаев құжатқа мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы қаулы қабылдады:

1 тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жұмыстың мынадай бағыттарын көздейтін адам құқықтары мен Заң үстемдігі саласындағы одан арғы шаралардың жоспарын бекіту:

әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою;

ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;

бірлестік бостандығы құқығы;

мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары;

адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

көшіп-қонушыларға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары;

БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру»;

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) іс-шаралар жоспарын және одан әрі шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының және одан әрі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын».