Пьештяниде (Словакия) шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының кезекті матчы өтті. Бірінші дивизионның «А» тобында Қазақстан құрамасы топта соңғы орында тұрған Жапонияның жасөспірімдер құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде-ақ Тайсетсу Юшио мен Фуджи Сузуки жапон хоккейшілеріне басымдықты өз қолдарына алуға мүмкіндік берсе, екінші жиырма минуттық кезеңде Темірлан Қитаров есепті минимумға дейін қысқарта білді.
Соңғы кезеңнің 41-минутында Всеволод Логвин кездесуде таразы басын теңестірсе, 47-минутта Русла Оспанов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Жапон хоккейшілері таразы басын теңестіргенімен, Нұрлан Алдияр өз командасының төртінші голын соғып, Ұлттық құрама 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы ойында Қазақстан Данияны 4:2 есебімен жеңген еді, қазір команданың қоржынында алты ұпай бар.