• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Сәуір, 2022

Бейнеуде жоғалған қыз тікұшақпен іздестірілді

422 рет
көрсетілді

29 наурызда үйден шығып кеткен 1996 жылы туған азаматты іздестіру мақсатында «ҚАЗАВИАСПАС» АҚ МИ-8 ұшағы қолданылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Сағат 11:40-та Бейнеуден ТЖД жедел тобына тағы 5 адам қосылды, оның ішінде із-түзсіз жоғалғандардың туысы да бар.

Іздестіру Бейнеу ауылының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 50 шақырым радиуста жүргізілді. Іздеу жұмыстары төмен биіктікте жүргізілді. Жазық жерлерге, шатқалдарға, жартастарға ерекше назар аударылады.

Іздестіру-құтқару жұмыстары Бейнеу ауылының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде басталып, Қарабұлақ тауын айналып өтетін Сайым-Құлансайдың бойында, Қарабұлақ тауын айналып өтетін темір жол, Сарға ауылы мен Сарыарқа ауылы арасындағы мұнай және газ құбырлары бойында жүргізілді.

Іздеу нәтижесіз аяқталып, 15:56-да тікұшақ тұрақты орнына оралды.