Жоспар бойынша шаһардағы субұрқақтар 25 сәуірден бастап іске қосылу керек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні 3 субұрқақ іске қосылған. Олар: «Айналайын» саябағындағы екі субұрқақ пен Қаныш Сәтпаев атындағы саябақтағы бір субұрқақ.
- Өзге субұрқақтарды маусымға дайындау жұмысы жалғасуда. Мамандар құрылғыларды тазартып, сорғыларды орнатып, су толатын шарасын жөндеуде. 25 сәуірге дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтап, субұрқақтарды толық іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді әкімдікте.Айта кетейік, Павлодар қаласында барлығы 24 субұрқақ бар. Оның ішінде 21 субұрқақ коммуналдық меншікте.