Тунис жағалауында 750 тонна дизель отыны тиелген танкер суға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Кеме Экваторлық Гвинея Республикасының туымен Египеттен шығып Мальтаға бет алған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты экипаж Тунис аумағына өтуге рұқсат сұраған.
Кейін Габес шығанағында танкердің астынғы бөлігіне су кіріп, апатқа ұшыраған. Құтқарушылар борттағы 7 адамды құтқарып үлгерді. Тунис билігі әзірше жанармайдың суға төгілу қаупі жоқ екенін айтады. Экологиялық апаттың алдын алу үшін арнайы комиссия құрылды.