• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Сәуір, 2022

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгіленді

349 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 млрд теңге бағытталды», делінген ведомство хабарламасында.

Министрлікте нақтылағандай, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245,6 мың адамды құрады.

«2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 344 теңгеге жетті», деп қосты ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.