«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Toyota Alphard автокөлігі жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«17 сәуірге қараған түні Сайрам аудандық полиция бөліміне Алматы-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 21:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 4 шақырымында Алматыдан Қызылордаға қарай бара жатқан Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі HOWO жүк автокөлігіне соқтығысқаны анықталды», делінген Түркістан облыстық ПД хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Alphard жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Әр түрлі дене жарақаттарын алған 7 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті СДТБТ-де ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркелді .
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.