Ashyq платформасының әзірлеушілеріне айып тағылды. Бұл туралы елордалық сот хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесіне «Ashyq платформасы» бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап бойынша іс Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісінде жатыр», делінген Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сотта сот отырысының күні мен уақыты туралы қосымша хабарланатыны атап өтілді.