Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар бала көлік астына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ», делінген хабарламада.
Мәселен, «Mitsubishi» маркалы автокөліктің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің ауласымен келе жатып, самокат теуіп келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.